Билет операторының мәліметінше Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER атты жеке концертіне тек қазақстандықтар ғана емес, Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен жиналады, деп хабарлайды BAQ.KZ dimash.news-қа сілтеме жасап.
Қазақ мәдениетіне деген осындай ерекше қызығушылық болғанына біз шын жүректен қуаныштымыз. Көпшіліктің сұранысы бойынша STRANGER шоуы 13 қыркүйекте ғана емес, сонымен қатар келесі күні де өтетіні туралы қуанышты хабармен бөлісеміз. Сіздерді 13 және 14 қыркүйекте «Astana Arena» стадионына шақырамыз. Музыка арқылы бірлік пен татулық көңіл күйін қалыптастыру үшін қолдарыңызда өз мемлекеттеріңіздің шағын туын немесе мемлекеттік рәміздер нышанын ұстап жүрсеңіздер - Димаш шығармашылығына деген құрметтің ерекше белгісі болар еді, - делінген жазбада.
Жақында екінші концерттің билеттері сатылымға шығады.