Әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының "Singer 2024" ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде тараған ақпаратқа сенсек, "Singer 2024" жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі.
Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды.
Ал, екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, Димаш ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, "Singer 2024" байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық әнші Рухия Байдүкен Қытайдағы "Singer 2024" байқауының 8-кезеңінде өнер көрсетіп, келесі кезеңге өте алмаған болатын.
Еске салайық, Димаш Құдайберген "Singer 2017" байқауында екінші орын иеленген еді.