Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаш Құдайберген планетадағы ең әсерлі фестивальде өнер көрсетеді

21 Қаңтар 2023, 13:36
1538
Бөлісу:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өтетін "Spring гал" фестивалінде өнер көрсетеді.  Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Көрермендер саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген көктемгі гала-фестиваль концертіне ертең екінші рет қатысамын», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Аталмыш фестиваль  1983 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Қытайдың жаңа жылына арналған China Media Group компаниясының тамаша телевизиялық кеші.

Өзгелердің жаңалығы