Димаш Құдайберген өзін не мазалап жүргенін айтты

20 Желтоқсан 2022, 16:31
3180
Бөлісу:
Димаш Құдайберген өзін не мазалап жүргенін айтты

Бұл туралы елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиа форумында әнші Димаш Құдайберген мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Димаш Құдайберген алғашқы сөзін Мұхаммед Хайдар Дулатидің сөзінен мысал келтірді.

Түрлі әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің ең басты кілті - сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатиялық, адами қарым-қатынас мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатты құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, мыңдаған жыл ішінде яғни, бес жарым мың жыл ішінде адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген деседі. Бұл өкінішті жайт, - деді танымал әнші. 

Сондай-ақ ол бейбітшілік пен соғыс мәселесі туралы жан тебіренісімен бөлісті.

Адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермендігін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жан сол зұлматтың зардабын тартуда. Мұның барлығы бейбітшілік еткен жерлер, берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр. Біз неліктен мыңдаған жыл бойы тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз? Осы сұрақ мені көптен бері мазалайды, - деді Димаш Құдайберген медиа форумның Біріккен Ұлттар Ұйымы резолюциясы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күнінің» бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессиясында сөйлеген сөзінде. 

Айтуынша, әлем болып бірігіп,  тыныштық пен бейбітшілікті, тәуелсіздікті сақтауға ұмтылуымыз керек. 

Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неге біріге алмай келеміз? Бізге не жетпейді? Сондықтан әрқашан дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын. Ең бастысы, біздің өскелең ұрпаққа түсіндіретініміз ата-баба қанымен келген Тәуелсіздікті қорғауымыз керек. Еліміздің амандығы үшін жұмыс жасауымыз керек, - деді Димаш Құдайберген.

Өзгелердің жаңалығы