Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Белгілі әнші Димаш Құдайберген ел халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құрметті отандастар! Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.
Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін. Еліміздің дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай! -деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желісінде.