Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған “Ғарышкер” деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген, - деп жазды ол.
Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен құттықтады.
Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын, - деді Димаш Құдайберген.