Димаш Құдайберген онлайн-концерт береді

4 Желтоқсан 2020, 03:33
1871
Бөлісу:
Димаш Құдайберген онлайн-концерт береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің көптен күткен «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертін өткізеді. Димаш өзінің алғашқы онлайн-концертін америкалық Tixr.com. платформасында өткізеді. Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық бағытына жұмсалатын болады, деп хабарлайды Dimashnews.

Пандемия басталғалы бұл әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болмақшы. Концерт – әншінің перформанс шеңберіндегі жаңартылған бағдарламаның жаңа диджитал-форматтағы тұсаукесері.

Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар интеграцияланатын болады. Бұл көрерменге әртістің жанды қойылымының атмосферасына барынша енуге мүмкіндік береді. Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін ұйымдастыруда 140 адамнан тұратын интернационалдық команда еңбек етуде. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады.

Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар, – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев.

Концерт жөнінде әншінің өзі бірге жұмыс істейтін комадасына, әсіресе жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Ең алдымен, мен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын барлық командаға, сондай-ақ өз шығармашылығымның жанкүйерлеріне үлкен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін, - деді Димаш.
Концерт белгілі әлемдік www.tixr.com. платформаласында өтеді.

2013 жылдан бастап TIXR кез келген ауқымдағы іс-шараны жоспарлауды, қайда не болатыны және билет индустриясын дамытудың жаһандық орталықтарының бірі саналады. Tixr компаниясы онлайн концерттер әлеміне қашықтықтан билет сату мақсатында құрылған.

Tixr платформасы әлемдегі жетекші клубтардың, фестивальдар, конференция және басқа да көптеген ұйымдардың серіктесі. Компанияның қуатты функциялары, сандық жүйелерді тиімді пайдалану әдісі, кешенді шешімдері ең мықты бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл платформаның өзі Санта-Мониканың жүрегі Калифорнияда орналасқан. Жетекші жүйе – атақты адамдар мен әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың миллиондаған жанкүйерлеріне қолжетімділік сыйлады. Осы платформаны 4 дүркін Грэмми Дрейк иегері, музыкант, актер және продюсер, бірнеше платина сыйлығын алған орындаушы Снуп Догг, аты аңызға айналған KISS рок-тобы және басқалары пайдаланды.

Концерттің нақты күнін білу үшін www.dimashnews.com сайтындағы жаңалықтарымызды қадағалаңыз! - деді Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар сайтында.

Өзгелердің жаңалығы