Әділбек Қаба жаңа қызметке тағайындалды

8 Қыркүйек 2020, 20:50
7337
Бөлісу:
Әділбек Қаба жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Əділбек Қаба Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Əділбек Күнесханұлын ұжымға Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Әділбек Қаба 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Арай-Заря» журналында, «Лениншіл жас», «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының м.а., басшысы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің басшысының орынбасары, басшысы.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы