«Дикий Арманның» адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне жауап берді

8 Ақпан 2022, 10:51
1261
Бөлісу:
«Дикий Арманның» адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дикий Арманның» адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлады sputnik.kz.

Олар өздеріне жария етпеу туралы келісім беру ұсынылғанын атап өтті. Алайда қадағалау органының өзі тергеу құпиясын ашып отыр.

Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман") қорғаушылары Бас прокуратура өкілінің сөзіне таңғалды, деп мәлімдегі қылмыс әлемі серкесінің адвокаттары.

Олардың пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, "Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр" және бұл мән-жайлар қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.

"Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев А.-ға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті", - деп жазды адвокат Талғат Есімов.

Өзгелердің жаңалығы