«Дикий Арманды» қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.</p>

 5 Сәуір 2022 2022, 16:00
5 Сәуір 2022 2022, 16:00
1788

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты, - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Бас прокуратура 7 ақпанда ол қандай қылмыс үшін ұсталғанын айтып берді. 

 

Наверх