Алматыда "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сот Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өтті.
Сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамға сот үкімі шықты.
Қаңтар оқиғасы бойынша "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды.
Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырылды.
Сондай-ақ "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы болған Бердах Бекетов "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен 7 жылға сотталды.
Еске салсақ, бүгін "Қаңтар оқиғасы" бойынша айыпталушыларға қатысты сот үкімі шығатынын хабарлаған болатынбыз.