Digital Bridge Awards жеңімпаздары белгілі болды

26 Қазан 2019, 03:38
2119
Бөлісу:
Digital Bridge Awards жеңімпаздары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордадағы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өтті. Бұл туралы Astana Hub-тың  баспасөз қызметінен хабарлады. 

ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Digital Bridge Awards цифрландыру саласындағы сыйлықты табыс етті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орталық мемлекеттік органдар арасындағы цифрландырудың үздік офисі болып табылды. KEGOC компаниясы-квазимемлекеттік ұйымдар арасында цифрландырудың үздік кеңсесі, және жергілікті атқарушы органдар арасында цифрландырудың үздік офисі болып қала әкімдігі танылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Қазақстанның астанасында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтуде. Digital Bridge - бұл жас IT-мамандар, интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, блогерлер және сандық БАҚ үшін жыл сайынғы форум, ол IT-технологиялар, инновация, медиа саласында дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасу, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында цифрлық көпір құру үшін өткізіледі. 




Өзгелердің жаңалығы