Digital Bridge 2022 аясында түркі елдерінің 6 технопаркі меморандумға қол қойды

28 Қыркүйек 2022, 18:00
1013
Бөлісу:
Digital Bridge 2022 аясында түркі елдерінің 6 технопаркі меморандумға қол қойды

Бүгін Түркі мемлекеттер ұйымына мүше елдердің технопарктері арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соның ішінде Sabah Lab (Әзірбайжан), ЖТП (Қырғызстан), Bilisim Vadisi(Түркия), Bilkent Cyberpark(Түркия), Өзбекстан IT паркі (Өзбекстан) және біздің елден Astana Hub IT-стартаптар технопаркі ортақ келісім жасасты. 

Аймақтағы АКТ және инновациялық экожүйені бірлесіп дамытуға бағытталған бұл меморандум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында жасалған. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңе­сі­нің VIII саммитінде түркі елдерінің заманауи технопарктері орталығын ашуды ұсынған болатын. 

Біз заманауи технопарктер ассоциациясын құру және ТМҰ елдерінің негізгі ІТ-технопарктерінің платформаларын интеграциялау мүмкіндігін қарастырамыз. Сондай-ақ ІТ стартаптардың мобильділігін арттыру үшін «Digital Nomad» ІТ-резиденттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқыламақпыз , – деді Астана хабтың бас директоры Мағжан Мәдиев.

Менің ойымша, бұл форум - Орталық Азия елдерінің басын қосатын керемет бастамалардың бірі. Жаһандық тұрғыда біздің елдер тым шағын болуы мүмкін, алайда түркітілдес елдері біріксек, жоғары деңгейге шыға аламыз. Маркетинг жағынан алсақ, бұл бәріміз үшін тиімді болмақ. Біз бәсекелес емеспіз, қайта бір-бірімізді қолдап, толықтырғымыз келеді, - деді Чубак Теміров, Қырғызстан Республикасы Жоғары технологиялар паркінің директоры.

Форум алаңында  өтіп жатқан көрмеге  Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Палестина  және Қазақстанның 13 технопаркі қатысып жатыр. Сонымен қатар ертең, 29 қыркүйекте технопарктердің басшылары панельдік пікірталастар өткізіп, өз мемлекеттеріндегі инновациялық экожүйені дамыту бағытындағы бастамалар мен жобалар жайлы айтады. Және ТМҰ-на мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері мен IT-мамандары үшін қолайлы жағдай жасау жолдарын талқылайды. 

Digital Bridge халықаралық форумы Астана қаласында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл форумның бағдарламасы аясында 45 панельдік сессия,  технопарктер көрмесі, ІT-стартаптар аллеясы, IT-мектептер көрмесі, IT-вакансиялар жәрмеңкесі,  Astana Hub Battle жарысы қарастырылған. 

Ұйымдастырушылар - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - КазахтелекомFreedom bankTengizchevroilMy CarTech cultureHuaweiG42Halyk BankBigroupPrime sourceGlovoSFLeicaBI GroupOneWebCitix, Global nomads.

Өзгелердің жаңалығы