Диетолог шаштың түсуін тоқтататын әдісті айтты

27 Мамыр 2021, 22:46
4511
Бөлісу:
Диетолог шаштың түсуін тоқтататын әдісті айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нутрициолог Кинита Кадакия Пател шаштың түсуінің негізгі себептері және бұл процесті тоқтатудың жолдары туралы айтты.

Пател шаштың түсуінің негізгі себептері әдетте ақуызы аз және диета сақтап, құнарлы емес тағам жеу, дұрыс тамақтанбау, тым тез салмақ жоғалту және денеде мырыш, темір және В12 дәруменінің жетіспеуінен болатынан айтты.

Диетолог ең алдымен ақуыздардың мөлшерін реттеуге кеңес берді, өйткені шаш негізінен кератиннен тұрады, ол үшін биотин мен амин қышқылдары қажет. Пател сонымен қатар фолий қышқылы, мырыш және ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігіне қатысты тест тапсырып, сондай-ақ жетіспейтін элементтерді күнделікті тағамға қосуды ұсынды.

Егер осыдан кейін шаштың түсуі тоқтамаса, Пател мамандарға жүгінуге кеңес айтты.



Өзгелердің жаңалығы