Диетолог майшабақты күнделікті тұтыну зиян екенін айтты

1 Мамыр 2023, 15:32
1739
Бөлісу:
Диетолог майшабақты күнделікті тұтыну зиян екенін айтты
Фото: Shutterstock.com

Ресейлік диетолог Маргарита Королева майшабақтың пайдалы қасиеттері туралы айтып, бірақ балықтың бұл түрін күнделікті жеу зиян екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lenta.ru-дың мәліметінше, дәрігер натрий хлоридінің көп болуына байланысты оны жиі жеуге болмайтынын айтқан.

Сарапшы адам ағзасы балық тағамдарынан ақуызды жақсы сіңіретінін, сондықтан диетаға тұздалған майшабақтарды қосу ұсынылатынын айтты. Оның ішінде омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары, сондай-ақ майда еритін А, D, E және K дәрумендері бар. Ол бұл өнім әсіресе липидті бұзылулары бар, тез салмақ қосатын, сондай-ақ жұмыстан шаршап-шалдығып жүретін, ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдар үшін пайдалы екенін түсіндірді.

Оның қабынуға қарсы әсері бар. Сонымен қатар ол көптеген аурудың алдын алуға ықпал ететін және қалыпты қан реологиясын сақтайтын компоненттерге бай, - деді Королева.

Дәрігер майшабақ құрамында натрий хлориді көп болғандықтан, әсіресе гипертониялық және бүйрек аурулары бар адамдарға күнделікті жеуге болмайтынын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы