Деспина Касапиди: Елбасы – Қазақстан халқы Ассамблеясының шабыттандырушысы

23 Сәуір 2019, 08:57
2703
Бөлісу:
Деспина Касапиди: Елбасы – Қазақстан халқы Ассамблеясының шабыттандырушысы

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бүгінде 53 этнимәдени бірлестік тіркелген. Осындай бірлестіктің бірі – Теміртау қаласындағы «Понтос» грек этномәдени орталығы аймақтағы этникалық топтардың өкілдерін өздерінің ұлттық мәдениетіне тартып, облыстық ғана емес республикалық маңызды шараларға белсене қатысады.

Орталықтың жетекшісі Деспина Касапиди Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихында Елбасының орны ерекше екенін айтады.

«Елбасы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрушысы және шабыттандырушысы. Ұлт Көшбасшысының басты ойы: әрбір этностың дауысы естілуі тиіс. Сондықтан да ҚХА жұмысында еліміздің Тұңғыш Президентінің орны бөлек. Ассамблеяның Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі жоғарғы мәртебесі Елбасының есімімен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық дәрежеге ие болып, қазіргі уақытта азаматтық қоғамдағы басты құрал болып дамуда», - дейді «Понтос» грек этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Касапиди.

Деспина Ивановна 29 cәуірде өтетін ҚХА-ның XXVII сессиясын не күтетінін де айтты.

«Қазақстан халқы Ассамбелясының кезекті сессиясында барлық этностың арасындағы келісім мен біртұтастықтың сақталуына, Елбасының бес бастамасына іске асыру, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу бағытындағы, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мақсатындағы шаралардың тізбегін көремін деген пікірдемін. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қоғамдық-саяси жағдайды талқылаудан туындаған жаңа идеяларын ұсынады деп ойлаймын. Сонымен қатар, Ассамблеяның алдына халық арасындағы әртүрлі топтармен, оның ішінде ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасау, жастарды жаңашылдыққа дайындауға ден қою, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген ережелерге негізделген сабақтастықты нығайту сияқты тапсырмалар қойылады деп пайымдаймын», - деді этно мәдени орталықтың жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы