Деректер базасының біріктірілуі — жемқорлықты азайтады

16 Қараша 2021, 21:35
628
Бөлісу:
Деректер базасының біріктірілуі — жемқорлықты азайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі отырыста Президент пен ҰҚСК мүшелері көтерген бастамалар халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруға жаңа серпін береді деген ойдамын, деді Ұлттық кеңестің мүшесі, меценат Исламбек Салжанов.

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ретінде VI отырысына қатыстым. Отырыс өте мағыналы өтті. Жиында Президент бастамаларының жүзеге асырылуы мен ҰҚСК-нің жалпы жұмысы қорытындыланды. Әрі Ұлттық кеңес мүшелерінің мемлекет пен қоғам өмірінің сан салалы тіршілігіне қатысты ұсыныстары қаралды, - деді ол. 

Басқосу барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамалардың жаңа топтамасын ұсынды. 

Оның ішінде, білім, медицина, адам құқықтары, ауыл әкімдерін сайлау, банк пен бюджет саясаты салалары қамтылған. Одан бөлек, Президент дәстүрлі түрде цифрландыру мәселесін де қалыс қалдырған жоқ. Әсіресе, мемлекеттік органдардың өзара деректер базасын біріктіру керектігін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, «Электронды үкімет» базасына Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқару органдарының ақпараттық жүйелерін қосу қажеттігін еске салды. Осы айтылған шаралар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жеңілдетумен бірге, азаматтардың уақытын да үнемдейді. Оған қоса, деректер базаларының біріктіріліп, цифрға ауысуы сол жерлердегі жемқорлық жағдайларын азайтарына сенімдімін, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы