Депутаттық мандатқа квота енгізу. Тоқаев реформалардың 4 пакеті туралы айтты

16 Қараша 2021, 16:11
875
Бөлісу:
Депутаттық мандатқа квота енгізу. Тоқаев реформалардың 4 пакеті туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Саяси өзгерістер жүйелік әсерге ие. Сіздердің қатысуларыңызбен елді демократияландыруға арналған реформалардың 4 пакеті әзірленді. Жастар мен әйелдерге сайлаудағы 30 пайыздық үлесті беру партиялардың жұмысын қайта қарауға алып келді. Әйелдер мен жастарда әлеуетін пайдалануға қосымша мүмкіндік пайда болды. Біз одан әрі қозғаламыз. Енді гендерлік және жастардың 30 пайыздық квотасы партиялардың депутаттық мандатын бөлгенде де қолданылады, - деді ол.

Президент атағандай, партиялардың сайлау процесіне қажеттілігі жоғары жандар қосылатынын айтты.

Біздің қоғамды демократияландыру ауыл әкімдерінің сайлауын енгізу болды. Бүгінгі отырыста бірқатар бастама ұсынылады. Бұл да біздің жұмысымыздың кезеңдік нәтижесі болмақ. Ауыл әкімдерінің сайлауын жетілдіру. Сарапшылар мен ауыл тұрғындары бұл бастаманы орынды екенін айтуда. Бірақ сайлау процесін үнемі жетілдіріп отыру керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы