Депутаттар мүгедектігі бар адамдар үшін протез сатып алуды қаржыландыру мәселесін көтерді

2 Наурыз 2022, 14:32
1226
Бөлісу:
Депутаттар мүгедектігі бар адамдар үшін протез сатып алуды қаржыландыру мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаты Ирина Смирнова Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

Ол протездеу проблемасын көтеріп, мүмкіндігі шектеулі адамдар жағымсыз жағдайға тап болып отырғанын көтерді. 

Депутат атап өткендей, мүгедектігі бар адамдарға берілетін отандық протездің құны 100-600 мың теңге шамасында тұрады. Мұндай протездің сапасы өте төмен болады. Оны қолдану ыңғайсыздық туғызады. Ерекше қажеттілігі бар адамдар өз қаражатына қымбат әрі сапалы протез сатып алуға тырысады. Мұндай мүмкіндік болмаса, мүгедектігі бар адам көмекшінің немесе әлеуметтік қызметкердің қолдауына мұқтаж болып қалады. Бұл қызметті 3 жыл тұтынса, қосымша шығын шамамен 5 млн теңгені құрайды.

Ал Қазақстанда өндірілген бионикалық сапалы протезісатып алуға 2-3 млн теңге қажет.

Сапалы протез жасаудан қаржы үнемдеудің қажеті бар ма? Адамға салынған қаржы шығыс емес, инвестиция емес пе? Шынында да, жоғары сапалы протез адамға белсенді өмірге қосылуға ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуге, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта еліміздің 13 мыңға жуық тұрғыны аяқ ампутациясы бар адам ретінде тіркелген. Олардың 100-ге жуығы балалар, - деді Ирина Смирнова.

Сапасызп ротездерді бір мезетте сапалы протезге  ауыстыруға 30 млрд теңгежұмсау керек.

Көріп тұрғандарыңыздай, қомақты қаражат қажет. Есеп комитеті 2021 жылы 1 трлн теңгеден астам тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатын анықтады. Осы қаражат мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін толығымен өтеуге жетеді, – деді депутат.

Оның айтуынша, 2022 жылҚазақстанда «Балалар жылы» деп жарияланғанын ескерсек, протезге мұқтаж балалар үшін бұл ең жақсы сыйлық болады.

Көтерілген мәселені шешу үшін Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар адамдар үшін протез сатып алуды қаржыландыру мәселесін түбегейлі қайта қарауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы