Депутаттар бір күндік жалақысын қызыл судан зардап шеккендерге аударды

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек қорына аударды.<br>

 5 Мамыр 2020 2020, 11:22
5 Мамыр 2020 2020, 11:22
1873

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек қорына аударды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы бір күндік еңбек жалақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады. Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады, - делінген хабарламада.

Наверх