Депутат Жезқазғандағы ауызсу мәселесін шешу үшін Үкіметтен қаржы сұрады

26 Қазан 2022, 11:03
889
Бөлісу:
Депутат Жезқазғандағы ауызсу мәселесін шешу үшін Үкіметтен қаржы сұрады

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Арман Қожахметов Премьер-Министр  Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Парламент Мәжілісінің депутаттары Жезқазған қаласының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін бірнеше рет көтерді. Үкіметке үш рет (2015, 2018, 2020 жылдары) депутаттық сауалдар жолданып, қажетті шараларды қабылдауды сұрады. Жезқазғандықтар үшін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Осы уақытқа дейін Жезқазған қаласын ауыз сумен жабдықтау осы мақсаттар үшін жарамсыз ашық Кеңгір су қоймасы есебінен жалғасуда, - деді Қожахметов мәжілісітің жалпы отырысында.

Айтуынша, былтыр қазанда Қарағанды облысына жұмыс бабындағы сапары барысында Мемлекет басшысы Үкіметке Жезқазғанда сапалы ауызсу проблемасын шешуді тапсырды.

2022 жылға Үйтас-Айдос суағарын реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды көздеу тапсырылды. Осы тапсырманы іске асыру үшін Эскул және Үйтас-Айдос жерасты көздерінен Жезқазған және Сәтбаев қалаларын ауызсумен қамтамасыз етудің қажетті жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2022 жылы дайындық жұмыстарын кешіктіру Үйтас-Айдос кен орынынан су құбыры құрылысының жалпы мерзімдерінің бұзулуына және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындамауға әкеп соғады, - деді Мәжіліс спикері.

Депутат  Үкіметтің резервінен Үйтас-Айдос суағарын реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды 

Өзгелердің жаңалығы