Депутат шекара аймағындағы ауданға Елбасының атын беруді ұсынды

24 Наурыз 2021, 11:56
3657
Бөлісу:
Депутат шекара аймағындағы ауданға Елбасының атын беруді ұсынды

Алматы, BAQ.KZ. ШҚО Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Дакеров Қытаймен шекарада тұрған Тарбағатай ауданын екіге бөліп, бұрынғы Ақжар өңіріне аудан мәртебесін беріп, оған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды.

Төменде депутаттың ұсынсын қазқалпында беруді жөн санадық.

Құрметті ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев, ҚР премьер-министрі А.Ұ.Мамин, ҚР Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматулин, ШҚО Әкімі Д.К.Ахметов және Шығыс Қазақстандық жерлестер!                        

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен  және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін келешек ұрпаққа мәңгілік ету мақсатында 1997 жылға дейін шекарада жатқан бұрынғы Тарбағатай ауданы орталығы болған Ақжар ауылына аудан орталығы статусын қайтарып, қәзіргі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылынан Ақжар аймағын бөліп, бұрынғыша екі аудан ретінде қалпына келтіріп, Елбасымыздың атына берсе деген ұсыныс.

ШҚО Тарбағатай ауданының Халқы Елбасымыздың еңбегі зор екенін жоғары бағалайды.

Ауданымыз Қытай Халық Республикасымен шекаралас болғандықтан, Елбасымыздың көреген, сарабдал саясаты арқасында, жеке беделінің нәтижесінде, Көршілес Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен шекарамыз нақтыланып деллимитация жасалып, Деморкацияланғанын жақсы біледі.

Құрметпен ШҚО Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қ.С.Дакеров  21.03.2021 жыл Ақжар ауылы.

Өзгелердің жаңалығы