Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Саясат Нұрбек міндетін адал атқаруға ант берді.
Nur Otan партиясының тізімі бойынша Саясат Нұрбек Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді.
Конституцияның 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Осыған орай Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты Саясат Нұрбек әріптестерімен бірге халыққа қызмет ету абырой, міндет және жауапкершілік екенін айтып, ант берді.
Қазақстан халқыны адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Саясат Нұрбек.
Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Саясат Нұрбекті депутаттық корпус атынан жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.