Депутат қазақстандықтардың депозиттеріне өтемақы есептеу туралы шараны сынға алды

2 Наурыз 2022, 12:23
1166
Бөлісу:
Депутат қазақстандықтардың депозиттеріне өтемақы есептеу туралы шараны сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов Үкіметке қазақстандықтардың депозиттері бойынша 10 пайыздық өтемақы есептеу туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш білдірді, өйткені бұл мемлекеттік қолдау шарасы нақты көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталмаған.

Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасына жолдаған депутаттық сауалында Ресейде ықтимал салдары бойынша бұрын-соңды болмаған оқиғалар орын алғанын еске салды. Бүгінгі таңда Ресей халықаралық экономикалық айналымнан шығарылып, Еуропаның әуе кеңістігі жабылды, сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде тоқтап қалды. 

Жамаловтың сөзінше, мұндай оқиғалардың Қазақстан үшін де салдары үлкен. Осыған байланысты ол бірқатар шешім қабылдауды ұсынды.

Біріншіден, Қаржы нарығын тұрақтандыру қажет. Ұлттық банк рубльге байланысты девальвация жүргізуге тырысып жатқан сияқты. Қазіргі мұнай бағасы барреліне 100 доллар болғанда теңгенің экономикалық негізделген бағамы бір доллар үшін 420-440 теңге аралығында болып отыр. Бірақ біз әйтеуір Ресейге еріп, онымен бірге үрейленеп отырмыз. Экспорттаушылар, импорттаушылар, инвесторлар, алыпсатарлар, яғни валюта нарығының барлық қатысушылары қорқып, мүлде бағдарсыз қалды. Логистика мен тауар жеткізу тізбегі қай жерде және қалай қайта құрылатынын, құн тізбегі қалай өзгеретінін, энергия нарығын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын ешкім білмейді, – деп айтты депутат.

Жамаловтың айтуынша, Ұлттық банк қазір тіпті теңдестірілген бағамның шамасын да атай алмайды, сондықтан депутат қаржы реттеушісінің сауда-саттыққа қатысуын болдырмау керек деп есептейді.

Ол мұндай жағдай бірінші рет емес екенін айтты. Сөзінше, АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде доллар мен биржаның құлдыраған.

Мұндай кезеңдерде бір жағынан: Ұлттық банктің қатысуымен биржада ұйымдастырылған сауда – саттықты жабу керек, ал екінші жағынан, банктерге биржадан тыс импорттық және экспорттық келісімшарттар бойынша өз клиенттерімен жұмыс істеуге кедергі келтірмей, оларды қысқа мерзімді валютамен және теңгемен несиелендіру керек. Байбалаң салатындар мен алыпсатарларға «нөлге дейін» бірігуге және бұл ретте Ұлттық банктің активтерін сақтауға мүмкіндік беру керек, - деп айтты ол.

Депутат Ұлттық банкті осындай тәсілді қабылдауға шақырды, оның пікірінше, бұл мемлекет қаражатын үнемдеуге және келеңсіз салдардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, қаржы нарығында болып жатқан оқиғалар негізгі азық-түлік тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуіне және бұл бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер ететінін жақсы түсінеміз. Бұл бағыт бойынша олар жарияланған мемлекет тарапынан нақты шаралар жоқ. Бірақ қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын жариялады. Онда бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттеріне 10 пайыз көлемінде үстемеақы есептеу көзделген, - деп айтты Жамалов.

Оның айтуынша, 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 6,7 триллион теңгені құраса, есептелген жарна сомасы 700 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Менің ойымша, бұл идея дұрыс емес, іс жүзінде біз банктерде жинақтары бар азаматтарды қолдаймыз, демек, бюджет қаражаты мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтар санатына бағытталмайды. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банк Президент жариялаған ел дамуының, оның ішінде әлеуметтік саладағы басым бағыттарына қайшы келеді. Сонымен қатар, механизм енгізілген сәттен бастап салымды кемінде 12 ай сақтау, сондай-ақ теңгенің долларға шаққанда 15%-дан астам нақты өсуі және ағымдағы құбылмалылық сыйлықақыны есептеу үшін міндетті шарт болып табылатынын ескере отырып, ұсынылып отырған бір реттік шара азаматтарды шетел валютасын сатып алудан тоқтатпайды. Депозиттер бойынша 10% мөлшерінде сыйлықақы есептеуді тиімсіз деп алып тастау, ал босаған қаражатты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне индекстеуге бағыттау ұсынылады, - деп толықтырып өтті Аманжан Жамалов Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы