Астана, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Зәуреш Аманжолова, Уәлихан Қайназаров, Бақытбек Смағұл, Шавхат Өтемісов пен Геннадий Шиповских Түпқараған ауданына барды.
Мәжілісмендер С.Шапагатова кентінде «Kazakhstan Caspian Offshore Industries» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті.
Жұмыс ұжымымен жүздесу барысында Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалумен ;2yt мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде биылғы Елбасының Жолдауы туралы айтылды. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Жолдаудың басым бағыттарына назар аударды. Олар зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің болуы және тұтастай алғанда азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.
Кездесуде көтерілген өзекті мәселелерді депутаттар бақылауына алды.