Депутат мұғалімдердің аттестаттаудан өту нәтижесін сынады

6 Сәуір 2023, 11:26
5890
Бөлісу:
Депутат мұғалімдердің аттестаттаудан өту нәтижесін сынады
Фото: kazbilim.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісмен сауалында педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.

Қазіргі уақытта білім беру саласындағы кедергілер мұғалімдердің наразылығын тудырып отыр. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес педагогикалық білім беруде ректорларды, ЖОО әкімшілігін, директорлар кеңестерінің құрамын тағайындаудан бастап, мәнсіз бағдарламалардың мазмұнына дейін түбегейлі өзгерісті талап етіп отыр, - деп санайды ол.

Депутат педагогтердің біліктілігін арттыру жайын да сынға алды.

Жаппай мектеп ұстаздарына арналған «Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру институты» 10 жылдан астам іс жүзінде монополиялық қызметке айналды. Нәтижесінде, педагогтердің білім сапасын арттыру былай тұрсын, оқушылардың оқу үлгерімін төмендетіп барады. Осынау олқылықтың салдарынан мұғалімдердің аттестаттаудан өту нәтижелері де төмендеп кеткен. Айта кетсек, 2020 жылы қатысушылардың 59,1% аттестаттаудан өтпесе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,2 пайызға жеткен, - деп айтты Смирнова.

Сөзінше, аттестаттаудағы сұрақтардың мазмұнына да шағымдар көп. Сөзінше, жылдар өткен сайын маңыздылығын жойған сұрақтардың ұстаздарға, оқушыларға қажеттілігі қанша?

Депутаттық сауалда Қазақстан Халық партиясы депутаттарының фракциясы Оқу-ағарту министрлігіне «Оқушылардың, мұғалімдердің білім сапасын арттыру үшін жоғарыда аталған жайттарды жіті зерттеп, зерделеп, мемлекет мүддесі жолында білім беру жүйесіндегі өзгерістерді дереу қарастыру сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы ұсыныс білдірді.

Тіпті біліктілікті арттыру мақсатында мемлекеттік тапсырысты беріп отырған және оны орындаушы органдарға аудит жүргізу қажет. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігіне заман талабына сай сапалы педагогикалық білім беру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылғаны дүрыс, - деп бастама жасады Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы