Депутат Легкий Мәжілісте ант берді

9 Қараша 2022, 10:13
1137
Бөлісу:
Депутат Легкий Мәжілісте ант берді

Бүгін өтіп жатқан Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дмитрий Легкий ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Дмитрий Легкий.

Айта кетерлігі, Мәжілістің жалпы отырысында Дмитрий Легкий Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Еске сала кетейік, биыл қазан айында Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген болатын.  

Өзгелердің жаңалығы