Депутат қорғау органдарындағы қос азаматтық туралы айтты

18 Наурыз 2021, 13:43
1988
Бөлісу:
Депутат қорғау органдарындағы қос азаматтық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан босату керек деп ұсыныс айтты.

Депутат Еңбек кодексі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ.

Қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды, - деді Нұржан Нұрсипатов.

Сенатор сонымен қатар бұл бөлімдегі заңнамалық нормалар алдын-алу болуы керек деп санайды. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтықтан шығу фактісі бойынша емес, олардың өздері, жұбайлары немесе жақын туыстарының осындай ниет білдірген кезден бастап өз басшылығын хабардар етуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы