Мәжіліс депутаты Азат Перуашев инвестициялық тартымдылық және жайлы бизнесқа жағдай жасау үшін экономикадағы кез келген меншік түрі маңызды екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сонымен қатар, қазіргі әлемдік үдерістер меншік қатынастарын қайта қарап, жаңғыртудың қажеттігін айқын көрсетіп отыр. Қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі, мемлекеттік және жекеменшік, қана қарастырылған. Ал қазіргі экономистер меншік нысандарының кемінде 5-6 түрін ажыратады, - деді Перуашев Конституциялық комиссия отырысында.
Оның айтуынша, Финляндия, Литва, Латвия, Әзербайжан және өзге де елдердің Конституцияларында мемлекеттік және жекеменшікпен қатар муниципалдық меншік те бекітілген. Ал Қытай, Бразилия, Үндістанда бұл тізім кооперативтік меншікпен толықтырылған. Кейбір мемлекеттерде экономиканы әртараптандыруды ынталандыру мақсатында меншік түрлерінің санына мүлде шектеу қойылмаған.
Осыған орай, “Ақ жол” партиясы атынан жаңа Конституция жобасының 8-бабының 1-тармағын мынадай редакцияда ұсынуды жөн көріп отырмын: “Қазақстан Республикасында меншіктің барлық түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең дәрежеде қорғалады”. Бұл норма экономикалық өсімге серпін беріп, бизнес, қоғам және мемлекет арасындағы өзара байланыстарды нығайтады, сондай-ақ барлық меншік түрін қолдау мен қорғауды көздейді деп есептейміз, - деді депутат.