Депутат Иса заң жобасының қазақша атауын сынға алды

1 Қыркүйек 2023, 14:01
1014
Бөлісу:
Депутат Иса заң жобасының қазақша атауын сынға алды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

Бұл конвенция БҰҰ Бас Ассамблеясы 1997 жылы 21 мамырда қабылдаған. Ол 2017 жылғы 17 тамызда күшіне енген халықаралық шарт.

Бұл конвенция бүкіл әлем бойынша траншекаралық өзендер мен көлдерде және олармен байланысты жерасты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәрдемдесудің жаһандық құқықтық тетіктерін ұсынатын негіздемелік конвенция. Ол қолданыстағы халықаралық су құқығын ратификациялайды. Атап айтқанда, тең және орынды пайдалану қағидаты, елеулі зиян келтірмеу ережесі және ауқымды жоспарланған негізгі шараларға қатысты хабарлаудың процессуалдық міндеттемесі, ластанудың алдын алу және ақпарат алмасу сияқты үш принциптен туындайды, - деді депутат Мәжілісте.

Жаңбыршин әріптестерінен заң жобасын жұмысқа алуды қолдауға шақырды.

Депутат Қазыбек Иса заң жобасының атауын сынға алып, дұрыс нұсқасын ұсынды.

Заң жобасының қазақша қазақша емес. Түсініксіз тілде. Менің ұсынысым – «Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқықтары жөнінде конвенцияны ратификациялау туралы». Жөндеп қойған дұрыс, бұл менің ұсынысым, - деді депутат.

Мәжіліс төрағасы жұмыс тобында заң атауын қарау керегін тапсырды.

Депутатар заң жобасын жұмысқа алуға қатысты қаулыны дауысқа салып, оны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы