Депутат Глеб Щегельский дүниеден озды

17 Қазан 2020, 18:50
1472
Бөлісу:
Депутат Глеб Щегельский дүниеден озды

Алматы, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский 51 жасында бүгін жүрек талмасынан қайтыс болды.

Глеб Щегельский 1969 жылы Степногор қаласында дүниеге келген. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолындағы мансабын Ақтөбе ферроеріту зауытында инженерліктен бастаған. 

Әр жылдары түрлі мекемелерге басшылық еткен ол Ақтөбе әкімінің орынбасары, "Рика ТВ" ЖШС-і директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбедегі техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаментін басқарған.

2012 жылғы 20 қаңтарда Мәжілістің бесінші шақыртуының депутаты, 2016 жылғы 24 наурызда Мәжілістің алтыншы шақыртуының депутаты болды. Оған қоса Экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.

Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Өзгелердің жаңалығы