Депутат: Астанада алаш арыстарына ескерткіш ашамыз деп мемлекеттік хатшыдан сөз естігеміз

10 Шілде 2021, 20:16
4836
Бөлісу:
Депутат: Астанада алаш арыстарына ескерткіш ашамыз деп мемлекеттік хатшыдан сөз естігеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елордаға орнатылған алаш арыстарының ескерткішіне қатысты пікірімен бөлісті.

Елордамызда Алаш арыстарына ескерткіш қойылығаны - тек тарихи емес, саяси әділеттілік! Бұл да жеңіс! Осыдан 12 жыл бұрын осындай ескерткішті Астанада қою керек деп ұсыныс бергенімізде, әріптесім Ерлан Карин екеуміз сол кездегі Мемлекеттік хатшыдан біраз сөз естіген едік. Әділеттілік орнады! Әлихан, Ахмет пен Мыржақыптар тек тарихи тұлғалар емес, олар саяси құндылық - деді депутат.

Сонымен қатар ол келесі жылы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толатынын, соған байланысты атқарылуға тиіс біраз шаруа барын айтты.

Ескерткіш ашылған күні Ахмет Байтұрсынұлының ауылына бардым. Қасиетті Торғайдың Ақкөліндегі Ахметтің туған үйіне барып, сол ауылдың ақсақалдарымен кездестім. Ендігі жылы Ұлт ұстазы Ахметтің 150 жылдығы. Ұлы тұлғаның мерейтойын туған ауылынан бастау қажет. Бабаларының бейіттерін қайта қалпына келтіру жолдарын қарастыру қажет. Ауылға баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу керек.

Естеріңізге сала кетейік, Елорда күні қарсаңында астанада алаш арыстарының ескерткіші ашылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы