Депутат алимент мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмайтындай норма енгізуді ұсынды

28 Наурыз 2022, 15:57
1902
Бөлісу:
Депутат алимент мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмайтындай норма енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Магеррам Магеррамов өз балаларын толық асыраудан жалтарып жүрген борышкерлер төлейтін аз мөлшердегі алимент мәселесін көтеріп, ұсынысын айтты.

Депутат алимент өндіру мәселесі бүгінгі күні өткір әлеуметтік проблема болып отыр.

Жылдан жылға бізде жалпы сома бойынша берешек өсіп, төлемейтіндер де көбейіп келеді. Бұл жерде олқылықтар көп, соның ішінде бүгінгі күні борышкерлердің нақты кірісін анықтауға болатын тиімді тетік, заңды механизм жоқ. Одан бөлек, жұмыс берушілер борышкерлермен келісімге келіп, жалақының ресми мөлшерін төмендетеді. Сонымен қатар борышкердің тұрғылықты жерін, жұмысын, мүлкін іздеу мәселесі маңызды мәселе болып отыр, - деп айтты Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Оның сөзінше, көбінесе бұл проблема өндіріп алушылардың мойнына түседі.

Менің ойымша, борышкер 2-3 айда бір рет қандай да бір соманы, мысалы, 5 немесе 10 мың теңге төлесе, онда оны енді қасақана төлемеуші деп санамайтын тәжірибені тоқтату керек. Кейбір жағдайларда адамның барлық соманы төлей алмауының объективті себептері бар, екінші жағынан, мәселенің моральдық жағы да бар. Бұл құрғақ цифрлардың артында осы алиментке мұқтаж балалар тұр. Үлкендер ажырасуға келісіп, баласына алимент төлейтін адам оны төлемей, 5-10 мың теңге ғана төлеуі – әділетсіздік, - деп есептейді ол.

Депутат Магеррам Магеррамов алименттің мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмайтындай норма қабылдау керегін айтты.

Екінші мәселе, балаға өз қамқорлығына қалдырған адам жауапты болады. Мысалы, бала ауырып, түнімен ұйықтамаса, баламен бірге бір емханаға жүгіреді. Ал осы уақытта алимент төлеуге міндетті адам мұның бәріне басын қатырмайды. Бұл мәселенің балаларға қатыстылығын ескере отырып, алимент өндіріп алу кезіндегі төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмайтындай норма қабылдау қажет деп есептеймін, - деп айтты ол.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі күнкөріс көлемі 36 018 теңге.

Өзгелердің жаңалығы