Депутат әлі күнге дейін шешілмей жатқан проблема жайлы айтты

4 Қыркүйек 2023, 15:00
768
Бөлісу:
Депутат әлі күнге дейін шешілмей жатқан проблема жайлы айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенат депутаты Геннадий Шиповских пойыз билеттерін сататын алып-сатарлар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі күні еліміздегі басты мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы мәселелері. Яғни көптеген өңірімізде ауызсу және егін суының жетіспеуі сезіледі. Яғни болашақта тамшылап суару жүйесіне көңіл аударуымыз керек. Алматы және Жетісу облыстары аграрлы өңір саналатындықтан, ол жақта да су тапшылығы мәселесі бар, - деп айтты Шиповских.

Сенатор алдағы уақытта қандай мәселелерді көтеретініне тоқталды.

Қазір көтеретін сұрағымның бірі – пойыз билеттерінің тапшылығы. Осы салада алып-сатарлар көбейіп кеткені де проблема болып отыр. Себебі көптеген азаматымыз жаз кезінде ешқайда бара алмады. Өйткені билеттің жоқтығы үлкен мәселе тудырды. Тіпті азаматтарымыз бір ай бұрын да билет таба алмады. Алып-сатарлар билеттің бағасын 2-3 есеге қымбаттатып жіберген. Бұл мәселе әлі күнге дейін жойылмай келе жатыр. Көлік прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қайда қарап отырғанын білмеймін. Ал осы мәселелердің басты операторы – ҚТЖ-ның қайда қарап отырғанын бір Құдай біледі, - деді ол.

Сенатор Геннадий Шиповских осы мәселеге ерекше назар аударып отыр. Себебі бұл сұрақ шешілмесе, болашақта үлкен проблема болуы мүмкін. Депутат Жолдауға қатысты да ойын айтты.

Жолдау көбінесе экономикалық мәселелерге байланысты болды. Біз қазір саяси реформадан экономикалық реформаға көшіп жатырмыз. Яғни бір сөзбен айтқанда, экономикалық серпіліс жасайтын уақыт келді. Енді әрине, қуантатын көптеген жағдай бар. Атап айтқанда, екі министрліктің құрылғаны. Менің ойымша, бұл өте ұтымды шешім. Себебі бізде суға тапшылық болып жатқаны белгілі. Кейбір көрші мемлекеттермен де келіссөз жүргізіліп жатқанымен, нақты шешімге келмей жатырмыз, - деп айтты сенатор.

Оның сөзінше, логистикалық мәселелерді шешу үшін нақты мемлекеттік оператор қажет. Енді бұл мәселені жаңадан құрылған Көлік министрлігі шешеді.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажеттігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы