Депутат: 2030 жылға қарай елдегі әйел басшылар саны 30 пайызға дейін өседі

21 Желтоқсан 2022, 15:10
1091
Бөлісу:
Депутат: 2030 жылға қарай елдегі әйел басшылар саны 30 пайызға дейін өседі

Бұл туралы Сенат депутаты, төраға орынбасары Ләззат Сүлеймен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, алдағы 8 жылда ел аумағында басшылық қызметтегі әйелдері саны біршама өседі. 

Мемлекет қатысатын компанияларда басшылық лауазымдарда әйелдердің 30 пайыздық өкілдігіне қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша басшылық позициялардағы әйелдер саны 20 пайызға дейін, 2030 жылға қарай 30 пайызға дейін өсуі тиіс, - деп атап өтті сенатор. 

Сонымен қатар ол Президент тапсырмасы бойынша елде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы өзектендірілгенін айтты.

Онда отбасы институтын дамытудың және гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетудің қазақстандық моделі көрсетілген. Биыл ұлттық комиссия 32 маңызды іс-шараны дайындап, 8 отырыс, 5 кеңес өткізді. Мониторинг қорытындысы бойынша барлық ведомстволар мен құрылымдардың нақты көзқарасы мен белсенді қатысуын талап ететін ең өзекті мәселелер бойынша 18 мемлекеттік орган тыңдалды. Онда балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары, ана мен бала өлімінің проблемалары, әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, ерекше балалардың проблемаларын шешу, ерекше балалардың іс-әрекеттері туралы отбасын қолдау орталықтары қамтылған, - деді Ләззат Сүлеймен. 

Өзгелердің жаңалығы