Депутат 15 ірі жоба бойынша министрлік жұмысындағы кемшілікті атады

3 Қараша 2023, 09:27
685
Бөлісу:
Депутат 15 ірі жоба бойынша министрлік жұмысындағы кемшілікті атады
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенатор Сағындық Лұқпанов еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің проблемаларын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол өзінің депутаттық сауалында басымдық берілген жоғары қайта бөлу кластерін құру жөніндегі 15 ірі жоба бойынша министрлік жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті.

Сенатор сарапшылар мен өнеркәсіп мамандарымен кездесулер барысында серпінді жобаларды іске асыруда проблемалық үш мәселелер бөлігі анықталғанын атап өтті. Біріншісі – негізгі мәселелер.

Проблемалардың басты бөлігі негізді құраушы болып отыр, өйткені жобаларды іске асырудың басталуы солардың шешіміне тікелей байланысты. Біріншіден, кәсіпорындарға жеткілікті көлемде және тиісті бағадағы шикізатты жеткізу, сондай-ақ оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалды. Нормативтік база жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда отандық өндірісте қайта өңделген импорттық шикізат пен компоненттер әлі де басым екені жасырын емес. Қолданыстағы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң Мемлекет басшысының қазақстандық тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуына ықпал ете алмайды, - деп атап өтті сенатор.

Сенатор проблемалардың екінші бөлігін белгіледі. Ол – іске асыру мәселелері, онда озық технологияларды қолдану, қаржыландыру көздері мен жоба операторларын анықтау қамтылған. Үшінші бөлікте Қазақстан экономикасына қажетті өнімді айқындау, өнімді экспортқа тасымалдау және өткізу сияқты маркетингтік проблемалар белгіленді.

Сізден жобаларды жоспарлау және іске асыру барысында жоғарыда аталған базалық, іске асыру және маркетингтік проблемалар қалай азайтылады деген сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз. Сенаторларда Үкімет 15 серпінді жобаны жүзеге асыруға дайын ба деген сұрақ туындап отыр, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы