Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 700 мың теңге айыппұл салынады

15 Сәуір 2024, 18:01
265
Бөлісу:
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 700 мың теңге айыппұл салынады
Фото: BAQ.KZ -архив

Мемлекет басшысы әйел мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды. Ол Заң өмірімізге қандай өзгеріс әкеледі, соған тоқталайық, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағанды қаласының "Отбасын қолдау" орталығының басшысы Ләззат Қожахмет.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 700 мың теңге айыппұл салынады немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алынады. Ұрып-соққаны үшін  280 мың теңге айыппұл салады немесе 80 25 тәулікке дейін қамаққа алынады. Сот шешімі бойынша агрессорға психологиялық көмектен өту міндеттеледі. Психологқа бармаса отбасымен бірге тұруға тыйым салынады. Бұл көмек тек әңгімелесу түрінде өтеді. Дәрі-дәрмек тағайындалмайды. Агрессордың жәбірленушімен бірге бір үйде тұруына тыйым салынады. Үйінен шығарылады. Азаптағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырады, - деп жазды ол.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырады. Кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырады. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзгені, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелегені немесе өзіне-өзі қол жұмсауға көмектескені үшін 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айыру тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамды суицидке итермелеу 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырады, - делінген жазбада.

Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК дейін айыппұл салынады.

Егер үгіт-насихат өзін-өзі өлтіруге оқталуға алып келсе,1 жылға дейін бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айырады. Егер насихат өз-өзіне қол жұмсауға алып келсе, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алдын ала ескертпей,барлық үлгідегі балаларға арналған интернаттарда мемлекеттік тексеріс енгізіледі. Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет пен білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарға лицензия алу міндеттеледі. Психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін 111 байланыс орталығын құрылады, -деп жазды Ләззат Қожахмет.

Әкімшілік жауаптылық енгізіледі:

кәмелетке толмаған баланы жәбірлегені (буллинг) үшін (ескерту не 10 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл) салынады.

Ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін (10 АЕК айыппұл) салынады.

Ересектер еріп жүрмеген 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланы автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін (5 АЕК айыппұл) салынады.

Қылмыстық жауаптылық:

16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипатта тиіскені үшін 40 күнге дейін қамаққа алынады.

Кәмелетке толмаған баланы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Кәмелетке толмаған баланы ұрлағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Өзгелердің жаңалығы