Денсаулық сақтау министрлігі сәнқой бикештерге ескерту жасады

28 Ақпан 2024, 23:15
601
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі сәнқой бикештерге ескерту жасады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде сапасыз косметологиялық манипуляциялар мен пластикалық операцияларға шағым айтатындардың саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мұндай орталықтарды жарнамалаудан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде біз «өзгерістердің» орнына тек ауыр жарақат алған сертификатталмаған косметологтардың қолынан адамдардың қалай зардап шеккені туралы жаңалықтарды жиі көре бастағандарын алға тартты.

Мысалы, 2022 жылы республика бойынша сапасыз косметологиялық қызметтер мен пластикалық операцияларға 37 өтініш тіркелген.

2023 жылы сапасыз косметологиялық манипуляциялар мен пластикалық операцияларға (бет мезотерапиясы, диспорт, ботокс, еріннің контурлық пластикасы, смас-лифтинг, маммопластика, липосакция, блефаропластика, ринопластика, отопластика және т.б.) 68 өтініш тіркелді.

Айта кетейік, мұндай орталықтарда процедуралар кезінде медициналық манипуляциялар жүзеге асырылады. Демек, қызметтің бұл түрінде медициналық қызмет көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Комитет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 17-бабына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес медициналық қызмет міндетті лицензияны алуға тиістігін ескертті.

Сондай-ақ мезотерапия, биоревитализация, ботулинотерапия және т.б. сияқты инъекциялық косметологиялық қызметтерді жүргізу үшін "Дерматовенерология (дерматокосметология)" кіші түрі бойынша, ал егер пластикалық операциялар жүргізілсе, «Пластикалық хирургия» кіші түрі бойынша медициналық қызметке міндетті лицензияның болуы қажет.

Осы рәсімдерді жүзеге асыратын маманның дерматовенерология (дерматокосметология), пластикалық хирургия мамандығы бойынша маман сертификаты болуы қажет.

Сондықтан біз мамандарға барар алдында ұйым мен маманның сіз таңдаған процедураларды жүргізуге лицензиясы мен тиісті сертификаты бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында дерматовенерология және пластикалық хирургия бойынша медициналық қызметке лицензия алған мекемелердің тізімі жарияланған, - деп ескертті комитеттен.

Өзгелердің жаңалығы