Денсаулық сақтау министрі: Медбикелер қағазбастылықтан босатылды

22 Қараша 2022, 10:42
995
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрі: Медбикелер қағазбастылықтан босатылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауылда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «адамға бағдарланған тәсіл» медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық тәжірибелерінің жобалары енгізіліп жатыр. Мысалы, пациенттерді қолдау қызметі, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс механизмі, инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, дұрыс тамақтануды, өмір салтын үйрету, әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі, отбасын жоспарлау, ер адамдардың денсаулығын жақсарту, баланы дамыту кабинеттері бар, - деді Үкімет басшысының алдында ауылдағы медицина туралы баяндама жасаған министр. 

Айтуынша, мейіргерлік қабылдау функциялары кеңейтілген. 

Бұл дегеніміз – мейіргер рецепт жазудан және құжаттарды рәсімдеуден басқа, созылмалы аурулары бар пациенттерге динамикалық бақылау жүргізеді. Биыл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық емханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша демонстрациялық алаң болып танылғанын атап өткім келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда демонстрациялық алаңдар ашты, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар емхана деңгейінде үздік тәжірибелерді енгізумен қатар, көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде медициналық көмек көрсету тәсілдері жетілдірілу үстінде екенін айтты.

Әлемдік және отандық тәжірибеде қолданылатын диагностика мен емдеудің заманауи әдістері Абай облысының Аягөз көпбейінді аудандық орталық ауруханасында стандарттарды енгізудің және іске асырудың ең үздік тәжірибесін атап өткен жөн, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы