Денсаулық сақтау министрі: Кез келген жағдайға дайын болуымыз керек

28 Сәуір 2022, 12:19
1546
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрі: Кез келген жағдайға дайын болуымыз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Министр кез келген жағдайға дайын болуымыз қажеттігін алға тартты. 

Алғашқы және ең маңызды сабақ – біз тәуекелдің барлық түріне дайын болуымыз керек. Ең алдымен әрқашан қатердің бар екендігін болжап, одан соң оны оқшаулап, ауыздықтап, күресуімен қажет. Демек, әр уақытта халық арасында көмекті ұйымдастыруға дайын болуымыз шарт. Пандемия бізге үлкен сабақ болды. Сондықтан биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасында барлық мемлекеттік органдар бірыңғай жүйе ретінде елімізде биологиялық қауіпсіздік қатері орын алған жағдайда барлық шараларды қарастыруы тиіс, -деп атап өтті ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, инфекциялық қауіпсіздікке қатысты инфекциялық әлемдік ошағы орын алған жағдайдың барлығын назар тыс қалдырмай, жорамалдау маңызды. 

Әр инфекциялық ауру бойынша сценарий әзірленеді. Біз сонымен қатар жершілікті атқарушы органдарды дайындаймыз, алдын алу шаралары, соның ішінде вакцинация жүргізіледі. Сондай-ақ қазір дәрілік заттардың қорын құру жүргізілуде, себебі өзгеге тәуелді болмай, дәріні өзімізді өндірудің маңызы зор. Жергілікті кадрлық резервті дайындау керек. Заң жобасында барлық осы іс-шара қарастырылған, ол жерде зертханалық зерттеулер, заманауи технологияларды сатып алу, зертхана салу, диагностикалық құрылғылардың болуы және ғылыми зерттеулер жүргізу жазылған. Заң жобасын қабылдау біз пандемия кезінде алған тәжірибеден алған сабақ деп айтуға болады, - деді Ажар Ғиният.  

Өзгелердің жаңалығы