Денсаулық министрі жаңа штамм туралы айтты

22 Тамыз 2023, 12:39
14124
Бөлісу:
Денсаулық министрі жаңа штамм туралы айтты
Фото: Үкімет

Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзінде коронавирустың омикрон түрінің Eris штамы анықталды. Зерттеу жұмыстарынының нәтижесіне қарасақ, елімізде бұл штамм жоқ. Қытай, Америка және Еуропа елдерінде бұл штамның бар екені дәлелденді. Жаңа штам омикрон белгілеріне ұқсас. Дегенмен онымен ауырған адамда ауру жеңіл өтеді, көбіне тұмау ауруы сияқты өтіп жатыр, - деген мәлімет берді министр.

Бұған дейін коронавирустың жаңа түрі тарағаны туралы ақпарат айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы