Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті

5 Қараша 2020, 15:30
1461
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс уақыты барысында ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің қағидаларын бекітті. Бұл туралы Ашық үкімет порталында жарияланды.

«Дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта жұмыс беруші орындалатын жұмыстардың түрін, еңбек жағдайларын, қызметкерлердің жасы мен жынысын ескере отырып, дене шынықтыру жаттығулары кешенін әзірлеуі тиіс екендігі жазылған.

Физикалық жаттығу басталар алдында үй-жай таза ұсталуы және желдетілуі тиіс.

Орта есеппен әрбір жаттығу жасаушыға кемінде 1,5 м2 бос алаң тиесілі болуы тиіс. Жаттығу жасауға таңдалған орын қауіпсіз болуы керек. Физикалық жаттығу жұмыс күнінің бірінші жартысында жүргізіледі, оны өткізу ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды, – делінген сипаттамада.

Жаттығулар жиынтығын әр 12-14 күн сайын өзгерту ұсынылады. Ол 2-3 минутқа созылатын кіріспе және негізгі гимнастикадан тұруы керек.

Өзгелердің жаңалығы