Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Ведомство басшысы індетпен күресте еліміздің медициналық ұйымдары тұрақты жұмыс істеп жатқандығын алға тартты.
Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 мыңнан астам науқас ем қабылдап жатқан көрінеді.
Алғашқы тәулікте реанимация бөліміне түскен пациенттердің салыстырмалы үлесі 40%-дан асады. Бұған барынша агрессивті «дельта» штамм, пациенттердің өзін-өзі емдеумен айналысуы және медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болып отыр, - деді Алексей Цой.
Денсаулық сақтау министрі халықтан өте маңызды нәрсені есте сақтап, аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте-ақ медициналық көмекке жүгінуді сұрап отыр.
Халықтан коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ медициналық көмекке жүгінуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінемін. Қарапайым ережелерді сақтау жүздеген адамдардың өмірін қорғап қалатындығын есте сақтаған жөн, - деді ол.
Бұған дейін Қазақстанда мұғалімдерге вакцина салу қашан аяқталатынын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: