Денис Тен мемориалы: Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК/Сали Сабиров 5 Қазан 2025 2025, 10:49
5 Қазан 2025 2025, 10:49
581
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы қысқа бағдарламаны (95.01) да, еркін бағдарламаны (187.21) да бірінші орында аяқтады. Жалпы есепте 282.22 ұпай жинады.

Грузия өкілі Ника Егадзе 266.90 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал АҚШ спортшысы Джейсон Браун 257.81 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Наверх