«Дені сау ұлт». Еліміздің 5 қаласында университеттік ауруханалар бой көтереді

18 Ақпан 2022, 13:33
1513
Бөлісу:
«Дені сау ұлт». Еліміздің 5 қаласында университеттік ауруханалар бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев хабарлады.

 Оның айтуынша,  министрлік денсаулық сақтау жүйесінңі ресурстарын қайта қарауды қолға алған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын, атап айтқанда, 20 аурухананың құнын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы қайта қарау керектігін ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларындағы бес университет ауруханаларының құрылысын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Түркістан, Петропавл және Көкшетау қалаларында үш көпсалалы аурухана бой көтереді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол құрылыстың қашанға жоспарланып отырғанына тоқталды. 

Құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың бірінші кезеңіне жоспарланып отыр. Бұл нысандар МЖӘ республикалық жобалар тізбесін оңтайландыру үшін салынатын болады, - деді вице-министр. 

Осы орайда қалған 12 жоба кезең-кезеңімен 2026 жылға дейін енгізілетін болады. 

Өзгелердің жаңалығы