Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің айлығына қосымша ақы төленеді – Аймағамбетов

28 Қаңтар 2021, 13:58
7806
Бөлісу:
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің айлығына қосымша ақы төленеді – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-дағы парақшасында.

Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады. Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады, - деді министр.

Оның сөзінше, әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.
Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту үшін маңызды екені сөзсіз, - деп жазды Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы