Демократия іс жүзінде: Парламент Президентті бір мерзімге сайлау туралы норманы қабылдады

16 Қыркүйек 2022, 11:27
1610
Бөлісу:
Демократия іс жүзінде: Парламент Президентті бір мерзімге сайлау туралы норманы қабылдады

Елордада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет министрі Қанат Мусин таныстырған Заң жобасы бойынша бес бапқа өзгерістер, енгізіліп, бір баппен толықтырылады. 

Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгінгі қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады. Еліміз демократияға қарай нық қадам басты. Нық бағытта мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі,  Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы