Демографиялық ахуал жақсарып келеді - Президент

6 Қазан 2022, 17:01
1280
Бөлісу:
Демографиялық ахуал жақсарып келеді - Президент

Президент елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – құптарлық үрдіс. Біз «Аңсаған сәби» бағдарламасын қабылдадық. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Соның арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артты. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ, дене шынықтыру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, түрлі үйірмелер ашу қажеттігі туралы міндет қойылды, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған - жемқорлық туралы айтқан еді. 

Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады.Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым!, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы