Демалыста жұмысқа шыққан мұғалімдерге ақы төленуі керек – министр

2 Қараша 2023, 16:30
1211
Бөлісу:
Демалыста жұмысқа шыққан мұғалімдерге ақы төленуі керек – министр
Фото: ОКҚ

Мұғалімді мейрам күндері жиындарға тарту қаншалықты заңды? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімдердің мерекеге, мейрамға байланысты берілген демалысында мектептің талабы бойынша мерекелік іс-шараларға, флэшмоб, жиындарға қатысуы заңды ма? Егер мұғалім демалыс күндері мұндай жиындарға қатысудан бас тартса, онда мектеп әкімшілігі ескерту жасай ала ма? Мұндай жағдайда мұғалім нені ескеруі керек? – деген сұрақ қойды БАҚ өкілдері.

Бұл сұрақ Еңбек кодексімен реттелген. Тек қана педагог емес, кез келген азамат өзінің демалыс уақытында демалуға құқылы. Егер мекеме оны (педагогті – ред.) ресми қызметке шақыратын болса, оған сол жексенбі күніндегі ақысын төлеуге міндетті. Ал енді қызметкер өз еркімен, өз ниетімен жұмысқа шықса, онда ол басқа әңгіме. Сол себепті оны нақты анықтау керек, - деді министр.

Бейсембаев атап өткендей, кез келген қызметкер өзінің демалыс уақытында демалуға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы