Демалыста зейнетақы төлемдерін телефон арқылы алуға болады

18 Наурыз 2022, 23:18
1798
Бөлісу:
Демалыста зейнетақы төлемдерін телефон арқылы алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгереді. Бұл туралы Отбасы Банктың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жолданған өтініштердің барлығын уақытылы өңдеп, жаңа түскендерін қабылдап үлгеру үшін Отбасы Банк қызметкерлері Наурыз мейрамында жұмыс істейтін болады. 

БЗТ аударылатын депозитті немесе арнайы шотты қашықтан ашуға болады. Ол үшін 300 нөміріне немесе банк сайтындағы сілтеме арқылы бейнеоператорға хабарласу қажет. Қоңыраулар демалыс күндеріне қарамастан 19, 20, 21 және 22 наурыз күндері қабылданады, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Enpf-otbasy.kz платформасы да қазақстандықтарға 24/7 режимінде, демалыс пен мереке күндері де қолжетімді болмақ.

Соңғы 3 күнде enpf-otbasy.kz платформасына 157 мыңнан астам өтініш түсті. Ең көп таңдалған мақсаттардың ішінде: Отбасы банкіндегі салымды толықтыру, емделу және ипотеканы ішінара өтеу. Қазақстандықтардың БЖЗҚ-нан сұратып жатқан ең төменгі сомасы – 200 теңге, – делінген банк хабарламасында. 

Өтініш бергендердің орташа жасы 36-45 жас аралығында. Платформаны пайдаланушылардың дені – ер адамдар.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгереді. БЗТ-ін қазіргі шарттармен пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасына өтініш беріп үлгеруі қажет. Отбасы банк өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-на жібереді. БЖЗҚ 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылдаған өтініштер бойынша БЗТ-ін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі бұрынғы шекті мәндерге сәйкес төлейді, – деді баспасөз қызметіндегілер. 

Азаматтардан жолданған өтініштердің көп болуына байланысты бірнеше күн бойы enpf-otbasy.kz платформасының жұмыс қабілеттілігінің баяулауы байқалды. Қазір оның жұмысы қалпына келтірілді. 

Өзгелердің жаңалығы